Алматыдағы «Атакент» орталығында кәсібін ашып, күнін көріп жүрген кәсіпкерлер шығынға белшеден батуда. Бүгін осылай деп наразылық білдірген азаматтар Әуезов көшесінен көлік кіретін жер ашып беруді сұрады. Өткен жылдан бері келушілер қатары екі есе қысқарып, көпшілігі жұмысшылар санын азайтуға мәжбүр болыпты. Ал әкімшілік полиция өкілдері кәсіпкерлердің ұсынысы кептелістің жиілеуіне әкеп соғады деген пікірде.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан