Dalatunes: «Транссибирский экспресс» | Шакен Айманов

Осы аптада кино әлемі ұлы режиссер және актер Шәкен Аймановтың туғанына 102 жыл толуын атап өтті. Осы айтулы күнге орай біз оның ең сүйікті фильмдері туралы баяндадық. Бейнебаян саундтрегіне (посты мынау: ➡ ) Шәкен Аймановтың өзінің орындауындағы әнді таңдап алдық. Бұдан соң, «Жиырма бес» ән-термесі туралы жеке баяндағымыз келді. *** На этой неделе киномир отмечал 102 года со дня рождения великого режиссера и актера Шакена Айманова. К этой дате мы рассказывали о его самых любимых фильмах. Саундтреком к видео (вот пост:➡ ) выбрали песню в исполнении самого Шакена Кенжетаевича. Потом поняли, что о ней, о терме «Жиырма бес» очень хочется рассказать отдельно. _______ [МУЗЫКА ЖӘНЕ КИНО] 📽 «Транссібір экспресі», 1977 жыл, «Қазақфильм» Қазақтың халықтық дәстүрінде «мүшел жас» деген ұғым бар, бұл адам өмірінің 12 жылдық кезеңі. Алғашқы 12 жыл – балалық шақ, 13 – 24 – жастық шақ, 25 – 36 – ересек шақ, 37 – 48 – есейген шақ және одан әрі. Ең күрделі де қатерлі кез – әр «мүшел жастың» басы – 13, 25, 37, 49, 61... жас. Тап осы жастарда біз жас мөлшерінің бір кезеңінен екіншісіне, әлеуметтік ортаның бір сатысынан екінші сатысына өтіп отырамыз. 🎼 25 жастың қарсаңында әр қазақ өзінің «Жиырма бесін» әнге қосады, өтіп бара жатқан жастық шақты қимай, ересек өмірге аяқ басқан кезді жырлайды. Сондай-ақ, «Жиырма бес» әнін ақсақалдар жастарға аманат ретінде де орындаған. Шәкен Аймановтың «Жиырма бес» атты ән-термесі тап осы дәстүр аясында өмірге келген. 🎞 1970 жылы режиссер прокатқа «Атаманның ақыры» фильмін шығарды. Сценарий негізін Андрон Кончаловский жазды. Тап осы жылы Шәкен Айманов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты – оны Мәскеу көшелерінің бірінде машина қағып кетті. Чекист Шадияров туралы «Транссібір экспресі» тетралогиясының екінші бөлімін режиссер Эльдор Оразбаев түсірді. 🌅 «Транссібір экспресі» фильміне режиссер Шәкен Аймановтың дауысы бар көріністі қосты, бұл – ұлы адамға деген құрмет пен сағыныш болатын. Алқызыл күн ұясына батуға шақ қалған, басты кейіпкер дала төсімен кең адымдап кетіп барады. Мұңлы дауыс махаббат әуенін боздатуда. Домбыраның шерлі үні жүректі дір еткізді... _____ [МУЗЫКА И КИНО] 📽«Транссибирский экспресс», 1977 год, «Казахфильм» В казахской народной традиции есть такое понятие как «мушел жас», это 12-летние циклы жизни человека. Первые 12 лет — детство, с 13 до 24 — молодость, с 25 до 36 — взрослый период, с 37 до 48 — зрелость и так далее. Самое сложное и критическое время — начало каждого «мушел жас» — 13, 25, 37, 49, 61 год. Именно в этом возрасте мы переходим из одного возрастного и социального статуса в другой. 🎼 На пороге 25-летия каждый казах пел свой «Жиырма бес», песню-плач по уходящей молодости, песню-вступление во взрослую жизнь.Также «Жиырма бес» исполняли уважаемые пожилые люди в назидание молодежи. Терме (стихотворно-напевная речь) «Жиырма бес» Шакена Айманова появилась именно как дань традиции. 🎞 В 1970 году режиссер выпустил в прокат фильм «Конец атамана». Сценарную основу к нему написал Андрон Кончаловский. В этом же году Шакен Айманов погиб в ДТП — его сбила машина на одной из московских улиц. Вторую часть тетралогии про чекиста Чадьярова, «Транссибирский экспресс», снимал уже режиссер Эльдор Уразбаев. 🌅 В «Транссибирский экспресс» режиссер включил сцену, где звучал голос Шакена Айманова — как благодарность и скорбь по великому человеку. Багровое солнце уходит за горизонт, главный герой шагает по степи. Печальный голос выводит песню о любви. Домбра звучит так горько, что щемит сердце.
Back to Top