Биыл елімізде барша әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ол өз шығармаларында, сонымен қатар «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой шерткен.
Сондықтан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігімен ұйымдастырып отырған кезекті «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады.
Басты мақсат – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.