Жанабай Отегенов - Аяла

Жаным-ау, қарайсың мөлдіреп, Көз моншағың. Сен ғана айтатын елжіреп, Сөзді аңсадым. О, менің жүрегім, жүрегім, Әппақ арым, Мен үшін жайқалған гүл едің, Бақта жаным. Қайырмасы: Арманым мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Сағынғаным! Арманым мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Жаным, жаным! От сезім алаулап көзіңде, Жүрші алдымда. Мен сүйген мөп-мөлдір сезімге, Кір шалдырма. О, менің жүрегім, жүрегім Алып ұшқан. Сол жүрек тапқандай бір емін, Сағыныштан.
Back to Top