Батыс Қазақстандағы Январцев селолық округіндегі Емболат өзенінде балық қырылып жатыр. Өзен жағалауы маңында шаруа қожалығы бар кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев Емболатқа жақын жерде мұнай ұңғымасы бар компаниялардың өзенге қалдық төккеніне сенімді. Ал санэпидемиологтар «бұл – табиғи құбылыс» дейді.