Қошқар мүйіз құрағы.
Екі түстен ені 3см лента кесіп аласыз ,ұзындығын қалауыңызша ұзын қылып ала беріңіз.Енді осы екі түсті лентаның ортасын қосып тігіңіз ,дайын болған лентаның енін өлшеңіз ,менде 5см болды ,осы лентадан 5×5см квадрат кесіп аламызда оны бөз матаға тігеміз ,астары бөз мата менде 11де 11см.Дайын болған қошқар мүйіз құрағы менде 9см болды ,осы 9смге ,2см қосып 11де 11см квадрат кесіп алдым екі түстен ,оларды қиғашынан кесіп ,дайын қошқар мүйіз құрақтың жандарына үшбұрыш қылып тігіп шықтым.Видео ұнап жатса , 💖💖 басып қолдап кетіңіз.🙏,🥰🌹