Ильин спортқа оралғанын жариялады

11 маусымда қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин спортқа оралғанын хабарлады. Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Ильин жарыстарға дайындалып жатқанын айтты. - Еліме керекпін. Маған көмектескен құрама жасақтадық. Алда Токио олимпиадасы бар. Қазір формам жақсы. Жарыстарға 75 пайыз дайынмын, - деді Ильин жиында. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылы Пекин және Лондон олимпиада ойындарының сынамаларын қайта тексерген. ХОК Ильиннің осы екі олимпиададағы анализдерінен допинг табылғанын хабарлап, екі алтын медалін қайтарып алған.
Back to Top