70-тен асқан қария жарты ғасыр бойы спортты серік етіп келеді

“Морж ақсақал“. Алматылық Сепболсын Ақашевті таңғы жаттығуға баратын қалалықтар осылай атап кеткен. Себебі қысы-жазы зейнеткер жартылай жалаңаштанып жүгіргенді дағдыға айналдырған. Қар жауса да, нөсерлетсе де жаттығудан қол үзбеген. Осылайша жүгіріп жүргенін жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Тақырыпты желаяқ ақсақалмен бірге жаттығып қайтқан тілшіміз тарқатады. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top