Смартфонға телмірген отандастарымыздың сауаты төмендеп кетті

Озамыз деп жүріп, тозып бара жатқан жоқпыз ба осы? Қай рейтингті қарамаңыз, Қазақстан соңынан санасаң, көш бастап тұрады әйтеуір. Апта басында бас мұғалім Асхат Аймағамбетов тағы бір зерттеудің қорытындысын ұсынды. Қуанарлық емес. Сауаттылық деңгейіміз де экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерден едәуір артта қалып отыр. Әсіресе, 16 мен 55 жас аралығындағы азаматтардың кітап оқу сауаттылығы нашар екен. Бұл проблема бүгін ғана туған жоқ. Жылдар бойы қордаланған мәселе десек болады. Өйткені қазіргі жас бұрынғы буын секілді жастығының астына кітап тығып оқымайды. Көркем әдебиеттің бетін ашпайды. Ашса да, мәтіннің мазмұнын түсінбейді. Күндіз-түні смартфон, телефоннан көз алмайды. Әрине, бәріне топырақ шашпаймыз. Десе де, статистика аспаннан алынбаған шығар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top