Қыз-жігіттер пранк жасап, әке-шешесін шошытып жүр!

Әлеуметтік желіде қыз-жігіттер ата-анасын шошытып, жақындарының төбесінен жай түсіріп жүр! Желіде белең алған жаңа тренд жастарға жақсы ермек болғанға ұқсайды. Арулар жағы “жігітім алып қашады“ деп анасын алаңдатып, “жүктімін“ деп әкесін ашуландырып әлек. Тосын жаңалықпен жаға ұстатқан жігіттер де жоқ емес. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top