Қарағандыда темірдің беріктігін арттыратын зауыт құрылысы басталды
Қарағандыда темірдің беріктігін арттыратын қоспа өндіретін зауыт құрылысы басталды. “Ферросилиции“ деп ататалын зат металлды мықты етіп қана қоймай, оны татқа да төзімді етеді екен. Мұндай қоспасы бар болат пен шойын азаматтық құрылыс пен авиация өндірісінде ширек қолданылады. Экологиялық таза зауыттан шыққан улы заттардың бәрі 8 бірдей сүзгіштен өтіп, қоршаған ортаға тарамайды, дейді мамандар. Фильтрлерде жиналатын шаң да кәдеге жаратылмақшы. “Микрокремнезем“ цемент пен бетон жасауға пайдаланылмақ. “Бизнестің жол картасы“ аясында жүзеге асырылып жатқан бұл екі жобаның құны 37 миллиард теңге. Оның бір бөлігін “Qaz Carbon“ серіктестігі өз мойнына алған. Қалғаны “Қазақстанның даму банкінен“ қаржыландырылыпты. Толық қанды іске қосылған соң, зауыт жылына 57 мың тонна ферроқосынды мен 240 мың тонна агломерат өндірмек.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане
16 views
2
0
4 years ago 00:01:17 32
Қарағандыда темірдің беріктігін арттыратын зауыт құрылысы басталды