Мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Ту төңірегіндегі тартысқа нүкте қойылды. Елімізде мемлекеттік байрағымызды үйлердің қасбетіне және балкондарға ілуге ресми түрде рұқсат берілді. Бұл республика азаматтарының өздерінің патриоттық сезімін білдіру үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, көк байрағымызды ғимараттарға, салтанатты іс-шаралар өтетін орындардың төріне қоюға болады. Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекеттік ту, Елтаңба және олардың бейнелерін пайдалану туралы қаулыға түзетулер енгізді. Еске салайын, бұған дейін қазақстандықтар “Мен туымды мақтан етемін“ флешмобын ұйымдастырған болатын. Ол атышулы “Борат-2“ фильмінің шығуына байланысты қолға алынды. Бұған қатысты жедел үн қатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдайтынын айтып, оны пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін тапсырған еді.
Back to Top