Ішімдік ішкен ер адам полицейге шабуылдап, киімін жыртты

Елордада карантин кезінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам полицейге тап беріп, киімін жыртып тастады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай тәртіп сақшылары әскери қызметкерлер бірге көшелерді патрульдеп жүрген кезде болған. Үйдің ауласында арақ ішіп, шулап, бөтелкелерді сындырғандар көршілерінің ескертуіне құлақ аспапты. Шыдамы таусылғандар полицейлердің көмегіне жүгінгінген. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзған 10 адамды анықтаған, оның үшеуі әйел. Заң өкілдерінің карантин режимін сақтаңдар деген ескертуіне ашуланып, мас ер адамның бірі полицейге тап берсе, келіншектер мен басқалары балағат сөздер айтып, тас лақтырыпты. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top