Ішімдік ішкен інісін ұрып жазалаймын деп, өлтіріп қойды

Ішімдік ішкені үшін сазайын тарттырмақ болған ер адам туған інісін ұрып, өлтіріп қойды. Алайда ол қылмысын жасыру үшін барлық айғақты мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған. Дегенмен, тергеуші жауап алу барысында логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, күдіктінің жасаған қылмысын әшкерелеген. Ер адам туған бауырын қасақана өлтірмегенін айтып ақталып, оған физикалық күшті тек жазасын тарттыру үшін қолданғанын алға тартқан. Себебі, маскүнемдікке салынған інісінің түнгі қыдырыстары да көп болған көрінеді. Түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген 62 жастағы азамат есін жимастан жан сақтау бөлімінде көз жұмған. Сұмдық оқиға Алматы облысына қарасты Шелек ауылында болды. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top