Сарыөзек жастары

Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді “Жастар ақылдаса келе әркім өз мүмкіндігінше ақша жинады. Осылайша 130 бала ақша жинадық. Кейіннен жағдайы төмен отбасыларға үлестірдік. Ауылда мұндай отбасылар әлі де көп. Бірақ бұл жақсылығымызы көпке жариялайық еген ой болған жоқ. Алдағы уақытта да жақсылығымызды жариялағымыз келмейді. Мақтаныш үшін емес, көмегіміз тисін деп ұйымдастырған болатынбыз. Мүмкін болса, көпке жария қылмасаңыздар да болады”, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Қайролұлы Хадият. Жастарға тұрмысы төмен отбасылардың тізімін мешіт имамдары берген. Суық үйде тоңған отбасы мүшелері жастардың мұндай жақсылығына алғысын білдіруде.
Back to Top