Жатақхана өртеніп, жұрт далада қалды

Алматыдағы екі қабатты жатақханада алапат өрт болып, 20 пәтер тұтас жанып, күлі көкке ұшты. Абырой болғанда, көршілері құтқарушылар келемін дегенше бір-бірін көтеріп, сыртқа шыққан. Іште қалғандары екінші қабаттағы терезеден секіргенін айтып отыр. Бәрі баспананы жалдап келіпті. Мүліксіз, тіпті, киімсіз далада тентірегендер кешелі-бері нәр татпай, мектептің суық спорт залында аштан аш отырмыз деп ашулануда. Өрт неден шыққан? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top