1997 жылы елдің ордасын Алатау баурайынан арқаның төсіне көшіру шешімі көптің батасын ала қоймағанын елбасының өзі де талай айтып жүр. Бірақ бүгінде бұл шешім өзінің тарихи бағасын алды деуге толық негіз бар.
Неге тарихи шешім? Жалпы елдің астанасын көшіруге отыздан аса себеп болған екен. Айта кету керек, бұл атырапта қыпшақ қимақ замандарында Бозоқ қаласы батыс пен шығысты жалғаған жібек жолының арқа төсіндегі үлкен торабы еді. Кейініректе Қараөткел деп аталып, керуендер тоғысатын өлкеге айналды. Патша үкіметі Ақмоланы салған тұста қазақтың соңғы ханы Кенесарының отаршыларға қарсы күресі де осы Қараөткелдің төңірегінде өрбіді. Демек тәуелсіздігін алған мемлекеттің ордасы осында болмағанда қайда болады. Қараөткел қазақтың астанасы болып, жас ұрпақ білім алатын, елдік шешімдер қабылданатын орталық болады деп алаш көсемдерінің де аманаттап айтып кеткені кеше ғана емес пе еді? Бозақ, Қараөткел, Ақмола, Астана, Нұр-Сұлтан. Атауы алуан, тағдыры біреу.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
105 views
7
2
1 year ago 00:26:31 1
АУҒАНСТАН ЖАЙЛЫ АДАМ СЕНГІСІЗ ДЕРЕКТЕР | САЛТ ДӘСТҮРІ, ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ТЫЙЫМ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
4 years ago 00:06:29 234
Тарихи шешім тағылымы
7 years ago 00:01:07 1
Түркістан қаласының облыс орталығы болуы – бүкіл халық құптарлық шешім
7 years ago 00:04:01 1
Түркістан – облыс орталығы: бұл шешімнің тарихи маңызы қаншалықты терең?