Алматыда ірі айыппұлдары бар жол талғамайтын көлік тоқтатылды

Алматыда 2 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген жол ережесін өрескел бұзушы ұсталды. Мәселе мамандандырылған батальон мен жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған «Тойота Альфард» көлігінің иесі туралы болып отыр. Бұл құқықбұзушылықтар қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу керектігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. ——————————————————— Внедорожник с огромными штрафами блокирован в Алматы Злостный нарушитель ПДД, имеющий неоплаченные штрафа на 2 миллиона тенге, задержан в Алматы Речь идет о владельце автомашины марки «Тойота Альфард», который был задержан сотрудниками специализированного батальона и подразделения розыска местной полицейской службы. Эти правонарушения были зафиксированы видеосистемами города. Машина водворена на штрафную стоянку. Как ранее сообщалось, полиция Алматы проводит целенаправленную работу по выявлению и привлечению к ответственности водителей транспортных средств, использующих подложные государственные номерные знаки, устанавливающих на автомашины устройства подачи специальных сигналов, лиц, управляющих транспортными средствами в состоянии алкогольного опьянения и имеющих неоплаченные штрафы. В полиции Алматы в очередной раз напомнили о необходимости своевременно оплачивать административные штрафы и призвали неукоснительно соблюдать ПДД.
Back to Top