Жыл басынан бері 550 бала жыныстық зорлық көрген

Баланы бауырларыңа да қалдырма. Жыныстық зорлық асқынып тұр қазір. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 550 жеткіншек зәбір көріпті. Оның тең жартысын өзінің жақындары, ағасы, жиені, өгей әкесі, жездесі, көршісі зорлаған. Бұл статистика құқық қорғау органдарының назарына іліккені ғана. Ахуал алаңдатарлық. Бұл статистикадан сырт қалған, жаға ұстатарлық жайттар да жетерлік. Мәселен батыс қазақстан обысында 12 жастағы қыз баланы зорлаған адамға 2,5 жыл ғана жаза кесіліп шу шыққаны кеше ғана. Жасөспірім жыныстық қатынасқа өз еркімен түсіпті-мыс. Бұдан бөлек жазықсыз сотталатындар да жоқ емес. Ағайынның арасында балаға жәбір көрсетті деп бір-біріне жала жауып ақша, бопсалайтын жайттар кездесіп жатады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top