Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл сөз жоқ жаңа өзгерістермен айшықталуда. Бұл бірінші кезекте Коронавирус індеті қалыптастырған ахуалмен байланысты. Енді бұрынғыдай тестілеу орталықтарының алды қарақұрым халыққа толмайтын болады. Баласы үшін тақым қысым, Тест орталығының жанында тұрып тілекші болуына, сол маңайды төңіректеп жүруге енді рұқсат берілмейді. Сақтық шаралары барынша сақталуы тиіс. Биыл осы мақсатта сыйымдылығы 50 пайыздан аспайтын мөлшерде 1200-ден аса аудитория қамтылып отыр. Биылғы ҰБТ-ның айрықшалығы тек осында ғана. Ал негізгі формат өзгеріссіз. Талапкерлер 5 пәннен тест тапсырады. Оның 3-еуі міндетті болса, екі пән мамандыққа байланысты таңдалады. 120 сұрақ, ең жоғарғы балл бұрынғысынша 140. Биыл жиыны 132 мыңдай өтініш түсіп отыр. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top