Орал тұрғындары үш күн сусыз отырды

Оралда қалалық кәріз жүйесіндегі ақау салдарынан бірнеше ықшам ауданда үш күн бойы су болмады. Сусыз қалған аудандарға күніне үш рет арнайы көлікпен су әкеліп тұрған. Орал әкімдігінің айтуынша, кәріз станциясында бірнеше сорғы істен шыққан. Қазір су жүйесі қалпына келген, бірақ тұрғындар апатты жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Back to Top