13 жасында жұмысқа кіргізем деп алдап, жезөкшелікке салған

Биылдан бастап адам саудасына қатысты жаза күшейтілді. Осыған дейін бұл қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырса, қазір төменгі мерзім 4 жыл. Ал ең ұзақ жаза мерзімі - баяғыша15 жыл. Әрине, 3 жыл, адамның бостандығын шектеп, құлдыққа салып, тағдырын тәлкек еткендер үшін аз-ақ еді. Тәуелсіз сарапшылардың сөзіне сенсек, өзге елді қайдам, біздің елде 75 мың адам құлдық қамытын киген. Қазір олар әр жақта, бірі еркінен тыс жұмысқа жегілсе, келесісі қайыр тілеуге мәжбүр. Ал кейбірі жезөкшелік жолға күштеп салынған. 21 ғасырда құлдық дегенді есту әрине, сұмдық. Заман озған сайын азаюдың орнына көбейіп барады. Жазаланып жатқандары ілуде біреу ғана. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top