Covid-19: Жолаушылар тасымалы мен сауда орындары жаппай тексеріліп, жазаға тартылады
#КТКжаңалықтары
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 455-ке жетті. Соңғы тәулікте кесел анықталған 155 адамның 133 –і – «Нұрқазған» кен орнының жұмысшылары. Дерт дендей берсе, өңірде карантин тәртібін қайта күшейту мәселесі қаралуы мүмкін. Ал қалған аймақтарда өсім байқалмайды. Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында кесел жұқтырған бір адам жоқ. Сонықтан көптеген облыстар карантин режимін босаңсытып, қалыпты өмірге біртіндеп көшіп жатыр. Ал елімізде ауру жұқтырғандар саны 7 жарым мыңнан асып жығылды.
#Қарағандыоблысы #коронавирус #жұқтырғандар #жолаушылар #coronavirus
209 views
53
13
4 years ago 00:02:58 28
Автобус жүргізушілері: 35 мың жалақыға қалай күн көреміз?
4 years ago 00:03:31 29
«Бек Эйр» компаниясынан билетінің ақшасын қайтара алмаған халық көп