«Адам өмірінде маңызды екі күн бар...»

Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығы діни радикализмнің алдын алу бойынша қала тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе жатыр. Соның ішінде Орталық түзету мекемелерінде де жазасын өтеушілермен етене тығыз теологиялық және психологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижелерінің бірі бүгінгі бейнероликтегі кейіпкеріміз. ___________________ ⠀ Аталған кейіпкер орталықтың теологиялық түсіндіру жұмыстарын кезең-кезеңімен өтіп, қазіргі таңда діни радикалды көзқарасынан толық арылып, бейімделу жұмыстары жүргізілуде. Радикалды идеяға арбалған кейіпкер өзі жасаған қателіктерінің сабағын енді түсінуде. Өзі таңдаған тар жол тайғақ кешкен өмірін өзгеге сабақ болсын деген ниетпен жантолғанысын жеткізуде. ___________________ ⠀ Марк Твен «Адам өмірінде маңызды екі күн бар деген: бірі – дүниеге келген күнің болса, екіншісі – не үшін келгеніңді түсінген күн» дейді. Біздің кейіпкеріміз де осы сөздің маңызын түсініп, жаңа өмірін бастауда. ⠀ ___________________ ⠀ Сонымен қоса, Н
Back to Top