Көлік жуу қызметкерін бір аяғынан айырған ер адам қамауға алынды

Павлодарда көлік жуу қызметкерін көлікпен басқан ер адам қамауға алынды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Еске салайық, оқиға қазанның 31-і күні Бейбітшілік көшесіндегі автомобиль жуатын орталықта болған. Бұрын машина жүргізу құқығынан айырылған азамат мас күйде рөлге отырып, темір тұлпарын алға жылжытпақ болған сәтте 31 жастағы әйелді басып кетеді. Екі аяғынан көптеген жарақат алған келіншек облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды. Ал машина айыппұл тұрағына қойылып, полицейлер тергеу жүргізуде. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top