Жүргізуші куәлігін көрсетпегендердің айыппұлдары кешіріледі

Екі күннен соң көлік рөліндегілерге жүргізуші куәлігін үйде тастап кетуге болады. 13 ақпаннан бастап аталған құжатты өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат беретін жаңа заң күшіне енеді. Тағы бір жағымды жаңалық. Заңға сәйкес, бұған дейін жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын көрсете алмағаны үшін айыппұлмен жазаланғандар қарызын әлі төлемеген болса, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Алайда шетелдік мемлекеттік нөмірмен, өзге мемлекеттің жүргізуші куәлігімен біздің елімізде жүрген тұлғаларға бұл заңның еш қатысы жоқ. Оларға талап бұрынғысынша қала береді. Все новости Первого канала “Евразия“ теперь и в Telegram: Подписывайтесь! Наш сайт - Vkontakte - Facebook - Twitter - @1tvkz – – instagram - Qalayym Live -
Back to Top