Түркістан облысында ағаш саудасымен айналысып жүрген бірқатар кәсіпкердің ісі құрдымға кеткелі тұр. Олар вагондарға тиелген тақтайларды 18 күннен бері Өзбекстанға өткізе алмай, әлек болып жатыр. Соның салдарынан Арыс, Сарыағаш, Шымкент секілді үлкен стансалардың теміржол тұйықтарында 300-дей вагон қаңтарылып тұр. Ал, мәселеге жауапты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл проблеманы кезінде бір үстел басында отырып шешкенбіз, дейді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан