Ерлан Тұрғымбаев: Таяуда заңға өзгеріс енгізейік деп отырмыз

#КТКжаңалықтары Жүргізуші көлігінің қаптаған құжатын өзіңмен алып жүрмейсің. Енді оған тек жеке куәлігің болса жеткілікті. Ішкі істер министрлігі жақын арада заңға осындай өзгеріс енгізгелі жатыр. Тағы бір өзгеріс, енді автобөлшектердің техникалық төлқұжаты болмаса, оны сатуға болмайды. Сатса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Мұның барлығы айналып келгенде автокөлік нарығын реттеуге, сондай-ақ, көлік ұрлығын азайту үшін керек», - дейді министр Ерлан Тұрғымбаев. #Қазақстан #көліктер #құжаттар #жүргізушілер
Back to Top