Тоқаев үкіметтің есебін тыңдайды

Ішкі істер министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылуы мүмкін. Ертең Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты қоғам белсінделері осындай болжам жасап отыр. Әдетте жаңа жылдың басында өтетін дәстүрлі жиында атқарушы биліктің жұмысына баға беріледі. Кейбір министрлер, әкімдер, тіпті Премьер-министрдің өзі мемлекет басшысынан сын естіп тарайды. Ал президент болғалы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен екінші рет өткелі тұрған кеңейтілген Үкімет отырысында қандай мәселе қаралып, кімдер сөз естуі мүмкін? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top